Жаңалықтар

Өнеге алатын кәсіпкерлер

12 қыркүйектен бастап облыс аумағында екі айлық сенбілік жұмыстары басталды. Қаланы және ауылдық елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалығын сақтау мақсатында қолға алынған шара 4 қарашаға дейін жалғасады.
Өткен сенбіде аталған учаскелердің барлығы болмағанмен, бірқатары қоқыстан тазарды. Мәселен, қаладағы «Анвар» және «Дина» («Лучшее решение» ЖШС) сауда желілері өздеріне бекітілген аймақты айнадай етіп тазалап кетіпті.

Сенбілікке ыңғайлы киініп келген сауда желілерінің жұмысшылары арамшөптерін жұлып, супермаркеттердің есік-терезесін жуып, ағаштар мен бордюрларды әктеді.

Бұл сауда желілерінің басшылары Талғат Салфиков пен Асхат Кабиевтің қала тазалығына немқұрайлы қарамайтынын, ортақ іске жаны ашитынын көрсетсе керек. Осындай жандай көбейгенде ғана сенбіліктін көздеген мақсаты орындалады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button